Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына ұсынған Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеевтің кандидатурасын қарастырып және талқылап, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшелері – депутаттар дауыс берді. Дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеевтің кандидатурасын ұсыну туралы ШЕШІМ қабылданды.