Егізбаев
Серік
Рахметоллаұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
ТАҚЫРЫПТЫҚ ОТЫРЫСЫ

 Комитет төрағасы Бірыңғай мемлекеттік ақпараттық субсидиялау жүйесінің жұмыс істеуінің проблемалық мәселелеріне арналған Комитеттің тақырыптық отырысын өткізді.

Іс – шараға Комитеттің барлық мүшелері қатысты, сондай-ақ басқа палата комитеттерінің өкілдері- депутаттар: А.Т. Зейнуллин, Б. Нәжметдинұлы, Д.А. Шүкіжанова, Б.Ж. Базарбек, Е.Ж. Сатыбалдин, А.А. Бакқожаев, ауыл шаруашылығы вице-министрі Б.Ә. Бекбауов, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Төрағасының орынбасары Е.Е. Есенеев, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері және салалық қауымдастықтар өкілдері қатысты.

Іс-шараны өткізу барысында фермерлерді мемлекеттік қолдау саласында қалыптасқан қиын жағдай талқыланды, өз кезегінде бұл мемлекеттік қолдауды әкімдіктер тарапынан оны бере алмауы және фермерлердің алуы мүмкін еместігіне әкелді. Мұндай қиындықтарды процеске қатысқан барлық тараптар атап өтті.

Сонымен қатар, жүйе жұмысының көптеген техникалық қателіктері анықталды, соның ішінде өтінімдерді беру, оларды қайтарып алу, түзету, мақұлдау, мемлекеттік дерекқордан алынған мәліметтердің толық болмауы және т.б. Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы министрлігі туындаған мәселелерді уақтылы шешпейді, ақпараттық және техникалық қолдау да негізделген сын тудыруда. Нәтижесінде қосымша қаржылық шығындарды көтеруге мәжбүр болған фермерлер зардап шегуде.

Осыған байланысты, депутаттық корпус уәкілетті органның атына жолданған ұсынымда қысқа мерзімде ақпараттық жүйенің жұмысындағы кемшіліктерді жою жөніндегі нақты іс-қимыл жоспарын қабылдауды ұсынды. Бұл ретте Жоспарда белгіленген іс-шаралар орындалмаған жағдайда депутаттар ауыл шаруашылығы министрлігінің саяси басшыларының жауапкершілігі туралы мәселені көтеруге бастамашылық жасайтын болады.