Комитеттің тақырыптық отырысы шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің ағымдағы жылға арналған бюджеті талқыланды.
Іс-шараға Комитетің барлық мүшелері, сондай-ақ Палатаның басқа комитеттерінің депутаттары: Б. Нажметдинұлы, Б. Ж. Базарбек, А. А. Баққожаев, Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының басшысы М. Ә. Оразаев қатысты.
Отырыс барысында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау, несиелеу, фитосанитариялық қауіпсіздік, ветеринариялық іс-шаралар, мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы, аграрлық ғылым, мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін қалыптастыру мәселелерін қоса алғанда, саланы қаржыландырудың негізгі бағыттары бойынша министрліктің жауапты қызметкерлері тыңдалды.
Депутаттарға агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауды жүзеге асыратын облыстық бюджеттерге берілетін жалпы сипаттағы трансферттер туралы ақпарат берілді.
Депутаттар көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге, топырақ-мелиоративтік және геоботаникалық зерттеулер жүргізуге, ветеринариялық қызметті материалдық-техникалық жарақтандыруға, аусылға қарсы отандық вакцина өндіруге бөлінген бюджет қаражатын игерудің тиімділігіне алаңдаушылық білдірді.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді, сондай-ақ Комитет отырыстарында Ауыл шаруашылығы министрлігінің бюджеттік бағдарламаларын орындау және тиімді іске асыру мәселелерін жүйелі түрде қарау туралы шешім қабылданды.