Егізбаев
Серік
Рахметоллаұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
ТАҚЫРЫПТЫҚ ОТЫРЫС

 Іс-шараға ауыл шаруашылығы, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің лауазымды тұлғалары қатысты.

Отырыс шеңберінде ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту тұжырымдамасының іске асырылу барысы, нысаналы индикаторлары, жекелеген салаларды дамытуда күтілетін нәтижелері туралы ақпарат ұсынды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайту жөніндегі міндеттер, қайта өңдеу өнеркәсібі мен аграрлық ғылымды дамыту жөніндегі шаралар және т. б. айтылды.

Депутаттар нысаналы индикаторларға қол жеткізу қажеттігін және тұжырымдаманы іске асыруға қабылданған іс-шаралардың орындалу мерзімдерінің бұзылуына жол бермей оны орындауға жауапты қарау қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, бірқатар тұжырымдамалық ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, еңбек өнімділігі жыл сайынғы инфляцияны ескеруі тиісті, экспортты дамыту жөніндегі жоспарлар - сауда нарығын реттеу жөніндегі шаралармен өзара байланысты болуы қажет, статистикалық деректер – саланың нақты өндірістік көрсеткіштерін көрсетуі тиісті, мемлекеттік қолдау – барлық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолжетімді болу керек, микрокредиттеу – жүйелік тәсілді болу және онымен қоса жер беру және өзге де инфрақұрылымдар жөнінде ұсыныстар айтылды.

Осы және басқа да ұсыныстар тұжырымдаманы практика жүзінде іске асыру барысында одан әрі ескеру мақсатында уәкілетті органға жіберілді.