Егізбаев
Серік
Рахметоллаұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
ТАҚЫРЫПТЫҚ ОТЫРЫС

   Отырысқа мемлекеттік органдары мен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ, сонымен қатар Үкіметтік емес сектордың өкілдері қатысты.

Аталған іс-шараны өткізудің қажеттілігі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және  көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу барысында  ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мемлекеттік қолдаудағы мәселелерінен, сонымен қатар салалық қоғамдық ұйымдарының Парламент Мәжілісі депутаттарының атына жасаған өтініштерінен туындап отыр.

Отырыс барысында Ауыл шаруашылығы вице-министрлері Ә.Тамабек пен  Р.Құрманов қатысушыларды ауыл шаруашылығында мемлекеттік қолдау көрсету жөніндегі Министрлік ұсынған өзгерістермен таныстырды.

«Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы А.Әшірбеков 2022 жылы қаржыландыру жоспарларын асыра орындағандарын жеткізді. Кредиттеудің негізгі көлемі Агробизнес бағдарламасы арқылы өткенін – бұл 175,1 млрд теңге, Кең дала бағдарламасы бойынша 140,0 млрд теңге бергенін атады.

2023 жылы Қоғам АӨК субъектілерін жалпы сомасы 330 млрд. теңгеге қаржыландыруды жоспарлады, оның ішінде: Кең дала – 140 млрд. теңге,Агробизнес – 142,1 млрд. теңге,Іскер – 18,9 млрд. теңге, Жастарды кредиттеу – 29 млрд. теңге.

«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы А.Прашев өз баяндамасында акционерлік қоғамның  негізгі миссиясы-сапалы және бәсекеге қабілетті лизингтік қызметтерді ұсыну арқылы елдің агроөнеркәсіптік кешенін техникалық жарақтандыруға жәрдемдесу екенін айта келе  2000-2023 жылдардан бастап 1 079 млрд теңге сомасына 71 мыңнан астам түрлі а/ш техникасы мен жабдықтары қаржыландырылып, лизингке берілгенін атады.

Келіп түскен өтінімдердің үлкен көлеміне байланысты 2023 жылы ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды қаржыландыру жоспары 170 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды (5 246 бірлік), оның ішінде

         - көктемгі егіс жұмыстары үшін- 84,4 млрд теңге сомасына 3 465 бірлік;

         - егін жинау жұмыстары үшін - 1 781 бірлік, сомасы 85,6 млрд теңге.

Сонымен қатар А.Прашев 2023 жылы қаржыландырылатын бағыттарға тоқталып өтті.

Мәжіліс депутаттары бірыңғай аграрлық салықты енгізу, ауыл шаруашылығы техникасына өтінім беру мен оның қарау мерзімі, кепіл саясатының күрделуі, несиелер мен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, СБМАЖ субсидиялау жүйесіндегі техникалық мәселелер жойылған сәтке дейін кредиттер бойынша сыйақылар төлеу бойынша кейінге қалдыру, аймақтар арасында қаражатты қайта бөлу мүмкіндігі, бюджеттен немесе нарықтан қосымша қаражат тарту мәселелерін көтерді.