Егізбаев
Серік
Рахметоллаұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
С. Р. Егізбаевтың басшылығымен Аграрлық мәселелер комитетінің отырысы өтті

Отырыс қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілердегі қызметтің салдарын жою жөніндегі экологиялық талаптар мәселесіне арналған. Бұндай нысандардың қатарына ауыл шаруашылығы өндірісінің кейбір түрлері де жатады. Атап айтқанда, Комитетке «Айтас ҚЗ» акционерлік қоғамы құс шаруашылығы өнімдерін өндіру кәсіпорнының өкілдері құс фабрикаларының жабылу қаупін тудыратын Экологиялық кодекстің жекелеген нормаларын қолдану бойынша қалыптасқан жағдайды шешуге жәрдемдесу туралы өтінішпен жүгінген. Осыған байланысты, көтерілетін мәселенің жалпы құс шаруашылығы саласы үшін маңыздылығын ескере отырып, осы мәселені талқылау мақсатында ауыл шаруашылығы және экология министрліктерінің, ауыл шаруашылығы өндірісінің, салалық қауымдастықтардың, сондай-ақ Атамекен Ұлттық палатасының өкілдері отырысқа шақырылды. Сонымен қатар отырысқа «Ауыл» партиясының өкілдері қатысты.