Егізбаев
Серік
Рахметоллаұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
ТАҚЫРЫПТЫҚ ОТЫРЫС

2023 жылғы 22 маусымда Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті «Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» тақырыптық отырыс өткізді. Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Б.Б.Омарбеков және министрліктің басқа жауапты қызметкерлері, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері қатысты. ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Б.Б.Омарбеков Тұжырымдаманың таныстырылымы барысында ауылдық елді-мекендердің қазіргі жай-күйіне, өңірлер арасындағы базалық игіліктер мен қызметтерге қол жеткізудегі алшақтыққа, шешімін таппай отырған проблемаларға және өңірлердің даму перспективаларына тоқталды. Тұжырымдаманы талқылау барысында депутаттар оны іске асырудың ауыл халқының өмір сүру сапасын жақсартудағы өзектілігін атап өтті, сондай-ақ ауыл және қала халқы үшін базалық қызметтердің қолжетімдігі бойынша бірыңғай стандарттарды белгілеу, квазимемлекеттік сектор субъектілерін республиканың шекара маңындағы елді-мекендерді қоса алғанда, даму әлеуеті төмен ауылдық елді-мекендерді қалпына келтіруге тарту, әрбір аймақтың ерекшеліктерін ескере отырып өңірлік стандарттар әзірлеу, ӘКК әлеуетін пайдалану арқылы мал соятын цехтар және сүтті салқындату орталықтарын салу арқылы кооперация құру бойынша ұсыныстар айтты. Депутаттардың барлық ұсыныстары уәкілетті органдарға жіберілетін болады.