Егізбаев
Серік
Рахметоллаұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Аграрлық мәселелер комитетінің кеңейтілген отырысы

   Іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдардың, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің, сондай-ақ квазимемлекеттік ұйымдар мен салалық қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты. Депутаттар тарапынан уәкілетті органдардың өкілдеріне : - азық-түлік корпорациясының астықты сатып алу бағасы мен көлемін анықтау; - субсидиялар бойынша шаруалар алдындағы берешекті өтеу; - қосымша айыппұл санкцияларын қолданбай фермерлердің кредит міндеттемелерін ұзарту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша міндеттемелерді өтеуді кейінге қалдыру мен каникул беру; - негізгі астық егетін өңірлерде төтенше жағдай режимін жариялау қажеттілігі; - алдағы егіс науқаны үшін тұқым қорын қалыптастыру; - астықты тасымалдау үшін астық тасымалдауға аналған көліктерді уақтылы жеткізу туралы және т. б. нақты сұрақтар қойылды. Жалпы алғанда, отырыстың барлық қатысушылары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау бойынша жедел және жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті, сондай-ақ жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға аталған барлық мәселелерді ерекше бақылауға алу жөнінде ұсыныс берді. Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметке тиісті ұсынымдар жіберілетін болады.