Бұл іс-шара Мемлекет басшысының отандық техника өндірушілер мен шаруалардың мүдделерін ескере отырып, машина-трактор паркін жылына 8-10 пайызға жаңарту туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында өтті. Осыған орай, Палата Комитеттерінің депутаттары, ауыл шаруашылығы, экология және табиғи ресурстар, өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің, «ҚазАгроҚаржы» мен «Жасыл Даму» акционерлік қоғамдарының, «Атамекен» ҰКП-ның, салалық бірлестіктердің, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілердің өкілдері шақырылды. Іс-шара барысында ауыл шаруашылығы техникасы паркінің ағымдағы жай-күйі, оны жаңарту қарқыны, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің ауыл шаруашылығы техникасын алуға қолжетімділігі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын лизингке сатып алуды жеңілдетілген несиелеу бағдарламалары бойынша қаржыландыру көлемін ұлғайту қажеттілігі талқыланды. Отырыстың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы техникасының барлық түрлерінің, құралдар мен жабдықтардың жаңартылу және істен шығу қарқынына жыл сайын нақты талдау жасау үшін оларды электрондық тіркеу мен есепке алуды көздейтін тиісті ұсынымдар әзірленіп, уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілетін болады. Жалпы алғанда, машина-трактор паркін жаңғырту және жаңарту мәселелері Аграрлық мәселелер комитетінің тұрақты бақылауында болады.