Егізбаев
Серік
Рахметоллаұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Аграрлық мәселелер комитетінің көшпелі отырысы

Жиынға ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, ғылым және жоғары білім, сауда және интеграция министрліктері, облыстардың әкімдіктері, ветеринария, өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы ғылыми-зерттеу ұйымдары, аграрлық университеттер, Орта Азия бойынша Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының өкілдері, сарапшылар мен ауылшаруашылығы тауар өндірушілер қатысты. Жиынды бастамас бұрын депутаттар қазақстан-қытай биогиялық қауіпсіздік жөніндегі зертханасының жұмысымен танысты, бұл зертхана екі елдің қызығушылығын тудыратын жануарлардың жұқпалы ауруларын зерттеу және диагностикалау мақсатында құрылған. Қауіпсіздікті сақтау бойынша қытайдың стандарттары әлемдегі жоғары стандарттардың бірі болып табылады. Мәселен, тамақ өнімдерінде генетикалық түрлендірілген ағзалардың барын анықтау жүзден аса көрсеткіш бойынша жүзеге асырылады, ал біздегі тексеру небары 15 көрсеткіш бойынша жүргізіледі (Ресейде 2019 жылы 18 көрсеткіш болған). Осындай деңгейдегі зертханалар фермерлердің уақытын және қаржылық шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді және отандық тауарлар экспортын ұлғайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, іс-шараны өткізудегі жаңашылдықтың бірі –жасанды интеллект технологиясын қолдану болды, оның көмегімен депутат А.А. Қожаназаров бір баяндамаға алдын ала жария етуге мәлімделген баяндамаларды жинақтады. Нәтижесінде, 7 баяндаманы тыңдауға бөлінген 1,5 сағат уақыт сұрақ-жауап пен жарыссөзде сөйлеу үшін тиімді пайдаланды. Отырыс барысында ветеринариялық және фитосанитариялық қызметтерді реформалау, жүйелерді цифрландыру және мамандар үшін мобильдік қосымшаларды енгізу, отандық вакциналар мен дәрілік препараттарды әзірлеу және пайдалану, материалдық-техникалық жарақтандыру, жеке ветеринариялық практиканы, ғылымды дамыту және сала үшін маман дайындау, тамақ өнімдері, соның ішінде импортталатын өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау мәселелері талқыланды. Жиын қорытындысы бойынша Үкіметке тиісті ұсынымдар жіберілетін болады.