Егізбаев
Серік
Рахметоллаұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Аграрлық мәселелер комитетінің көшпелі отырысы

Іс-шараға ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция, су ресурстары және ирригация, ғылым және жоғарғы білім министрліктерінің, Шығыс Қазақстан әкімдігінің және басқа да облыстық әкімдіктердің, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-нің, салалық қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және халықаралық сарапшылар қатысты. Іссапар басырында депутаттар бірқатар ауыл шаруашылық нысандарында - «Восток-Молоко» корпорациясы» ЖШС, «Бобровка+» ЖШС және «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС болып, сүт-тауар фермаларының және сыр өндіретін жаңартылған цехтың жұмысымен танысты. Отырыс барысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Қ.Тасжүреков, халықаралық эксперт А.Л.Валебный, республикалық сүт палатасының атқарушы директоры А.Қ.Сағынбаев, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Ф.Қ.Әбітаев және А.С.Уатаев сүт өндіру саласының дамуына қатысты өз көзқарастарын білдірді. Сүтті мал шаруашылығындағы өндіру және өңдеу, шикізаттың сапасы, мемлекеттік қолдау, жемшөп өндіру, ветеринария, селекциялық-асыл тұқымдандыру жұмыстары, кадрлар даярлау және т.б. өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, отырысқа қатысушылар сүт өнімдерін өңдеу сегментінің дамымағанын және оның импортқа тәуелділігін; жаңа технологияларды меңгерген және олармен жұмыс істеу дағдысы бар мамандардың тапшылығын және малдардың асыл тұқымдық сапасын бағалаудың халықаралық жүйелерімен интеграциялану деңгейінің төмендігін атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметке тиісті ұсынымдар жіберілетін болады, онда сүт өндіру саласының проблемаларын шешу жолдары көрсетілетін болады.