Егізбаев
Серік
Рахметоллаұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Мәжілісі төрағасының Тәжікстан Президентімен кездесуіне қатысты

https://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id50079/1/1

Президент Эмомали Рахмон екі елдің депутаттарын белсенділік танытуға, кездесіп, тәжірибе алмасуға шақырды.

Ерлан Қошанов өз сөзінде Қазақстан-Тәжікстан дипломатиялық қарым-қатынасы орнаған 30 жыл ішінде Тәжікстан Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды стратегиялық серіктесі және сенімді одақтасы болғанын ерекше атап өтті. Ол парламентаралық ынтымақтастықтың әлеуетін екіжақты қарым-қатынасты кеңейту жолында  пайдалануға дайын екенін мәлімдеді. Кездесу барысында екі елдің жастары, ғалымдары, өнер қайраткерлері мен зиялы қауымы арасында тұрақты байланыс орнату қажеттігіне ерекше назар аударылды. Кездесуге Мәжіліс комитеттерінің төрағалары, Қазақстанның Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уәлихан Төреханов қатысты.