Егізбаев
Серік
Рахметоллаұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы С.Р. Егізбаев Чех Республикасы Парламенті Депутаттары палатасы Ауыл шаруашылығы комитетінің төрағасы Михал Кучерамен кездесті

Кездесуде екі республиканың да ауыл шаруашылығы әлеуетін ескере отырып, әсіресе тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, ғылыми зерттеулер, су шаруашылығы және басқа да салалардағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Өткен жылы біздің тауар айналымымыз 67% -ға өсіп, 423 млн. доллардан асты, оның ішінде экспорт - 123,6 млн. доллар (+ 41,8%), импорт - 299,4 млн. доллар (+ 80,9%). Биылғы жылы да қарқынды өсім жалғасуда -, деп С.Р.Егізбаев атап өтті. - Оның үстіне, біздің елдеріміз арасындағы инвестициялық ынтымақтастық динамикасындағы өсіп келе жатқан үрдісті байқау қуантарлық жайт. Біздің елімізде түрлі салаларда табысты жұмыс істейтін чех капиталы бар 140-қа жуық компания тіркелген. Біз осындай қарқынның сақталатынына шын жүректен үміттенеміз, өйткені соңғы жылдары біздің елдеріміз Қазақстан мен Чехия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін көп жұмыс атқарды "- деді кездесу барысында.