2025 жылғы 2 шілде Ақмола облысы
Бүгін депутат Н.Дементьева Ақмола облысы Сандықтау ауданында болды.
Өңірлерге шығу сапары аясында Сандықтау ауданында депутат Н.Дементьева аудан әкімі С.Кудабаймен маңызды әлеуметтік нысандарды аралады, бұл Петровка ауылындағы мектеп, Жабай өзенінің арнасы және «Жас дәурен» балалар лагері. «Amanat» партиясының Жол картасында көрсетілген мәселелер талқыланды, олардың ішінде – білім беру процесін жаңғырту, материалдық-техникалық базаны нығайту, мектептерді кадрлармен қамтамасыз ету.
Петровка ауылындағы Жол картасын жүзеге асыру аясында салынған 80 орындық жаңа мектеп 2025 жылы пайдалануға берілді. Депутат оқушыларды заманауи жабдықтармен және техникамен қамтамасыз ету, мұғалімдер үшін еңбек жағдайларын жасау – оқу-тәрбие процесінің маңызды бөлігі екенін атап өтті. Содан кейін Н. Дементьева Сандықтау аудандық мәслихатының депутаттық корпусымен кездесті. Кездесуде ауыл тұрғындарына қатысты аумақтарды абаттандыру, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін инфрақұрылымның қолжетімділігі, мәдени-демалыс жағдайларын дамыту және жұмыс орындарын құру мәселелерін талқылады.
Жыл бойғы «Жас дәурен» лагерінде депутат ұйымның ұжымымен және балалармен кездесті, мұнда балалардың бос уақытын, демалысын және қауіпсіздігін ұйымдастыру туралы айтылды. Балалар мекемесін дамыту мәселелері, сондай-ақ болашаққа жоспарлар талқыланды. Балалардың лагерьде болу жағдайын жақсарту, білім беру және ойын-сауық бағдарламаларының сапасын арттыру, сондай-ақ балалардың демалысын ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді енгізу мәселелері көтерілді.
Кейін депутат «Балкашино ауылының жағалау жиегіндегі учаскелерде Жабай өзенінің арнасы бойынша жағалауды нығайту және түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу» жобасы бойынша нысанда болды. Аудан мамандарының мәліметінше, 01.10.2024 жылдан бастап Жол картасы бойынша «Сандықтау ауданы Балкашино селосының жағалау жиегіндегі Жабай өзенінің арнасында жағалауды нығайту және түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу» жобасы бойынша жұмыстар басталды (Мердігер – Астана қаласының «Целингидротех» ЖШС). Жоба бойынша Жабай өзенінің арнасы бойынша 5,2 шақырымда жұмыстар жүргізілмек, жұмыс аяқталатын күн – 2026 жылғы мамыр. Бүгінгі таңда орындалған жұмыстардың көлемі 82% -ды құрайды.
Н.Дементьева: «2024 жылғы су тасқыны Сандықтауды да айналып өткен жоқ. Өзен түбін тереңдету бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатқан Жабай өзенінің арнасын қарау кезінде қоршаған ортаны қорғау, жағалауларды нығайту және маусымдық су тасқынының ықтимал тәуекелдері талқыланды.
Сандықтау ауданының Петровка, Новоникольское, Арбузинка сияқты ауылдарында интернеттің сапасы, нақтырақ айтқанда, оның болмауы проблема болып қалуда. Кенеттен өрт шыққан кезде орманшылар мен орман маңындағы ауыл тұрғындары мұны ерекше сезінді. Ұялы байланыс және интернет мәселесі өзекті болып тұр, бұл уәкілетті мемлекеттік органдармен талқыланады».