Адамбеков
Тилектес
Серикбайулы

Член Комитета по экономической реформе и региональному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Депутатский запрос

2022 жылғы                                                 Премьер-Министрдің орынбасары - 30 қарашада жарияланды                           сыртқы істер министрі

                                                                        М.Б. Тілеубердіге

                                                                        Жоғарғы білім және ғылым            

                                                                        министрі

                                                                        С. Нұрбекке

Депутаттық сауал

Құрметті Мұхтар Бескенұлы!

Құрметті Саясат Нұрбекұлы!

Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен мыңдаған жас өрендеріміз «Болашақ» бағдарламасымен шетелге оқуға кетеді. Жыл сайын елімізден 100 мыңға жуық студент шетел асып, оқуға кетеді. Халықаралық ұйымдардың мәліметтері бойынша 2011 жылы шетел асқан студенттердің саны 43 мың болса, 2017 жылы 90 мыңға жуық ізденімпаздар оқуға кетті. Біле білсеңіздер, білім қуғандардың, болашақта елге оралуы екі талай.

Мысалы бүгінде әлемнің үздік университеттерінде білім алған студенттер мен жас мамандар мейлінше сол елдерде жұмыс бабымен қалғысы келетіні анық. Оған қоса, елге сапалы білім алып келген жастар үшін арнайы жұмыс ортасын қалыптастыра алмаудың себебінен, түлектердің біразы өздерінің профессионалдық дағдыларын күшейту мақсатында Қазақстаннан қайта кетеді.

Осы ретте, 133 елде 800 филиалы бар француздардың халыққаралық «Француз альянсы» атты жастар ұйымы әрбір мемлекеттегі өз студенттері мен жас ғалымдарына жан-жақты қолдау көрсетіп, олардың ғылыми, мәдени, рухани, спорттық дамуы үшін арнайы қызмет етеді. Бұл ұйым франция мәдениеті мен тілін дамытуға, өзге елдегі француздарды біріктіру үшін жұмыс жасайды. Мұны бір деңіз.

Екіншіден, Корея, Түркия, Үндістан, Қытай, Ұлыбритания сияқты елдер өз ұлттарының мәдениетін, салт-дәстүрі мен ділін, тілі мен ғылыми жаңалықтарын дәріптеу мақсатында өзге елдегі елшіліктер жанында арнайы орталықтарын ашқан.

Иә, Қазақстандық жастарда ассоциация құра алатындарын осыдан бірер жыл бұрын Қытай елінде дәлелдеген. Сондағы белсенді, әрі бірлігі мығым жастар 14 мыңнан астам қазақстандық студенттер мен ғалымдарды  «Kazakhstan Students Association in China» деген ұйымның жанына біріктірді. Бірақ, мұндай мысалдар өте аз. Ел болғалы 30 жыл, ал шетелде білім алуды ұйымдастырғалы 25 жыл өтсе де, әлем бойынша қазақ студенттері мен жас ғалымдарын біріктіру үшін мемлекеттік деңгейде жұмыс жасалмай келеді.

Оған қоса, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында да экономиканың жаңа IT, креативті экономика сияқты бағыттарын дамытуды қарастырғанбыз. Бірақ, Үкімет тарапынан мәселені іске асыру әлі де баяу жүруде.

Осы аталған мәселелерді шешу үшін:

Біріншіден, шетелдегі қазақстандық елшіліктердің студенттермен жұмыс жасауын жүйелі түрде пысықтауды және қазақ мәдениеті мен руханиятын, тілі мен ғылымын өзге елдерге сапалы насихаттайтын «Қазақ мәдени орталықтарын» ашуды жүйелі жалғастыруды ұсынамыз.

Екіншіден, мемлекеттік деңгейде шетелдегі қазақстандық студенттердің құқықтарын қорғайтын, олардың рухани, мәдени дамуы үшін жан-жақты қолдау көрсетіп, қазақ жастарын біріктіріп жүрген ұйымдармен байланыс орнату арқылы, оларды бір арнаға тоғыстыратын жұмыс жасау қажет.

Жауапты жазбаша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген уақытта жолдауды сұраймыз.

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің Депутаттары,

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері                       Т. Адамбеков

                                                                                                               Е. Бейсенбаев