Нурумова
Гульдара
Алданышевна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Жұмыс сапар Шу ауданында

Бүгінгі кезекті сапарым шуақты Шу ауданымен жалғасын тапты. Ең алдымен, Төле би ауылында орналасқан Балаларды оңалту орталығында жүріп жатқан құрылыстың барысымен таныстым.

Аталған мекемеде мәселе жоқ емес бар. Нақтырақ айта өтсем, жұмысты үйлестіруші мердігер Астана қаласының “КазМонтажАльянс” ЖШС жұмыс жүргізуде. Ғимарат ішінде жұмыскерлер тым аз. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шомылу бассейні мүлдем стандартқа сай келмейді, себебі бассейн тым терең, сақтандыру жабдығы жоқ.

Сондай-ақ мекеме ішінде еден тайғақ, кафельден жасалған. Бұл — мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қауіпті.

Төле би ауылында жаңадан бой көтеріп жатқан Әл-Фараби атындағы орта мектептің құрылысымен таныстым. Құрылысты 2021 жылы Тараз қалалық “Сұңқар-2002” ЖШС бастаған, алайда жұмысты толыққанды жүргізе алмай орта жолда тоқтатқан. Одан кейінгі Тараз қалалық мердігер “Айна City” ЖШС жұмысты жүргізуде, бірақ жұмыс тым баяу жүруде. Сонымен қатар жұмыскерлер саны өте аз, қазіргі уақытта 22 жұмысшы-ақ. Жаңа-оқу жылына дейін үлгермейді. Жобалау-сметалық құжаттама дұрыс жасалмауына байланысты мектепке пандус қаралмаған, мүгедектігі бар азаматтарға мүмкіншілік қарастырылмаған және мектепке ғаламтор, қажетті жабдықтар берілмейді.

Келесі нысанымыз Шу өзені арқылы өтетін “Андасбай” көпірінің құрылыс барысымен таныстым. Құрылыс жеңімпазы қытай құрылыс компаниясы “СиньСин” ЖШС

көпір жағдайы 75 % орындалған, қыркүйек айына дейін көпір құрылысын аяқтауды жоспарлауда. Қалған автожолдың күрделі жөндеу жұмыстарын желтоқсанға дейін аяқтауға уәделестік.

Шу қаласындағы кәріз сулар жүйесінің жағдайымен таныстым. Бүгінгі күнге кәріз жүйесі 86 %-ға тозығы жеткен, кешкі уақытта кәріздің жағымсыз иістері тұрғындардың тынысын тарылтуда.

Бірақ алдағы уақытта кәріз жүйесі басқа жерге көшіру жоспарлануда.

Қоғамдық қабылдау өткіздім.

Қабылдау барысында көптеген өтініштер болды. Оның ішінде қайтарымсыз гранттар, үй кезегімен баспана алу, жұмыспен қамтамасыз ету.

Тараз қаласынан онлайн форматта қала тұрғыны өтініш білдіріп қабылдауға жазылған еді. Тұрғынның негізгі мәселесі Конституциялық құқығын қорғау бойынша кеңес берілді.

Ертеңгі жұмыс сапарым Мойынқұм ауданында жалғасын табады.

#AMANAT