Нурумова
Гульдара
Алданышевна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Байзақ ауданы

Бүгін Байзақ ауданына бардым

✅ Алдымен аудан орталығы Сарыкемер ауылындағы “Жуалы" мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және бейімдеу орталығында болдым. Мұнда 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық және тірек қимылы бұзылған балаларға оңалту қызметін көрсетеді. 2020 жылы өз жұмысын бастаған мекемеде 27 бала қызмет алады. Оларға жайлы жағдай жасалған. 3 мезгілді ас, үйден тасымалдау, емдік дене шынықтырулар қаралған.

✅Байзақ аудандық ХҚКО бөліміне барып, тұрғындармен кездестім. Бір жыл бұрын пайдалануға берілген мекеме көптің көңілінен шығады. Жаңа, заманауи стильде. Кеңес беру, ана мен бала бөлмесі, қызметкерлердің оқу және демалу бөлмелері қаралған.

✅ Кезекті нысан Дихан ауылындағы облыстық мамандандырылған оңалту орталығы болды. Оңалту орталығы 2016 жылы пайдалануға берілген. 90 тәуліктік төсекпен қамтылған. Ғимарат ішінде тәуліктік стационарлық ем, денсаулық жағдайын қалпына келтіру, функционалдық диагностика, ЭКГ бөлмелері қарастырылған.

✅Аудандық партия филиалында қоғамдық қабылдау өткіздім.

Келушілер үй жағдайында мүгедектігі бар балаға білім беру, жас отбасыларға баспана алу, мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін арба мерзімін қысқартуды қозғады. Мәселен 7 жылға берілетін көшеге арналған арбаны 5 жылға, үй ішілік арба мерзімін 4 жылдан 3 жылға қысқартуды сұрайды. Мүгедектік топ алу, Жетібай ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория салу жайы көтерілді. Денсаулық саласына қатысты кей сұрақтарға аудандық емхананың бас дәрігері көмектеседі. Қалған өзекті мәселелерді анықтап алдағы уақытта депутаттық сауалыма қосып, шешімін табуға жәрдемдесемін.

💼 3-12 шілде аралығында өңірдегі іс-сапарым өз мәресіне жетті. Біршама мәселелер көтерілді, ұсыныс, пікірлен айтылды. Айтылған барша ұсыныстармен өтініштерді жауапсыз қалдырмай толығымен жұмыс жүргізетін боламын.