ПАЯЕВ
АЙБЕК
МИНАИМБЕКОВИЧ

Депутат, член Комитета по финансам и бюджету Мажилиса Парламента Республики Казахстан

Обращение к депутату
Жер кодексін қабылдау туралы депутаттық сауал

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

А.Ұ. Маминге

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында: «Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Бірақ Үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеуге тиіс» деп нақтылап айтты.

Өзіңіз білетіндей, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі бастамашы болған Жер кодексіне Қазақстан азаматтарына ауылшаруашылық жерлерін сату, сондай-ақ Қытайдан келген қандастарымызға жерді жалдау мерзімін 25 жылға дейін ұзарту бойынша өзгертулер енгізілген болатын. Бұл түзетулер тұрғындарға түсіндіріліп, жаңа заң 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енуі керек еді.

Алайда, уәкілетті органдардың заң нормаларын халыққа дұрыс түсіндірмеу себебінен, қоғамда пікірталас туып, қазақстандықтар ауылшаруашылық жерлерді сатып алуға мәжбүр, ал шетелдіктер жерді иемденіп алуы мүмкін деген оймен наразылық акциялары өтті.

Нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін қазақстандықтарға жеке меншікке беруге және оларды шетелдіктерге жалдауға беру нормаларын қолдануға мораторий жарияланды.

Осы мораторий қоғамдағы шиеленісті тоқтатуға мүмкіндік берсе, Үкіметке қоғаммен бірлесе отырып, Жер кодексінің нормаларын егжей-тегжейлі қарап, әзірлеуге жететін уақыт берді.

Мораторийдің аяқталуына бір жылдан аз уақыт қалғанын, Үкімет тарапынан Жер кодексі бойынша проблемалық мәселелерді шешу амалдары қарастырылып, тиімді жұмыстар атқарылмай жатқанынын айтуға мәжбүрміз.

Осы мәселені шешу мақсатында, Сізден Ауыл шаруашылығы министрлігіне аталған бағытқа қоғамды міндетті түрде тарта отырып, ұсынылатын түзетулерді жариялы түрде талқылауды және жұмысты жеделдетуді тапсыруыңызды сұраймыз.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, біз, Қазақстан Президентінің Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау үшін осы жылдың 1 шілдесіне дейін тез арада Жер туралы Заңды қабылдауымыз керек.

Жауабын заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша нысанда беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаты      А.Паяев

10 ақпан 2021 жыл