ПАЯЕВ
АЙБЕК
МИНАИМБЕКОВИЧ

Депутат, член Комитета по финансам и бюджету Мажилиса Парламента Республики Казахстан

Обращение к депутату
Депутаттық сауалға жауап

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің

«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары

 (тізім бойынша)

2021 жылғы 10 ақпандағы № ДС-41

Құрметті депутаттар!

Сіздердің жер кодексіне кейбір өзгерістер енгізуге қатысты сауалдарыңызды қарап мынаны хабарлаймын.

Өздеріңіз білетіндей, ағымдағы жылғы 31 желтоқсанда Жер кодексінің кейбір нормаларына енгізілген мораторийдың мерзімі аяқталады.

Бұл ретте, мораторий енгізілген нормалардың одан әрі қолданысын айқындау мақсатында тиісті талдау жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесі бойынша осы мәселелерді реттеуге бағытталған тиісті заң жобасын жоспарлы түрде әзірлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспарына енгізілді (Үкіметтің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 910 қаулысымен бекітілді).

Қазіргі уақытта аталған заң жобасына енгізілетін нормаларды қалыптастыру мақсатында және Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жер реформасы жөнінде комиссияны құру, сондай-ақ, әзірленетін заң жобасының нормаларын қоғаммен талқылау шараларын жоспарлау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Көрсетілген жоспар бойынша заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу ағымдағы жылғы маусым айында жоспарланғанын хабарлаймыз. 

 А. Мамин