Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
18.05.2020

Мәжіліс Қаржы министрінің кандидатурасын келісті


Нұр-Сұлтан, 18 мамыр, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің отырысы өтіп, онда Қаржы министрі лауазымына Ерұлан Жамаубаевтың кандидатурасы келісілді.

 Бұл «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Комитет отырысында қаралды.

Негізгі баяндаманы Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев жасады.

Комитет отырысының қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ұсынған  Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаевтың кандидатурасын қарап, аталған кандидатураны Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынуға болады деп есептейді.

 

(74-63-01, Мәжілістің Баспасөз қызметі).


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.