Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
26.02.2021

Мансұрхан Махамбетов Парламентаризм институтының директоры болып тағайындалды


Нұр-Сұлтан, 26 ақпан, Мәжіліс үйі. Парламентаризм институтының директоры болып, бұрынғы депутат Мансұрхан Махамбетов тағайындалды.

Мансұрхан Махамбетов – прокуратура органдарында, оның ішінде өңірлерде жұмыс істеген, тәжірибесі мол кәсіби заңгер.

1965 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік университетін "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген.

Адамның, азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерінің сақталуын қадағалау жөніндегі прокурор, мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы басқармасының аға прокуроры қызметтерін атқарған.

Мәжілістің VI шақырылым депутаты кезінде Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, сондай-ақ, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі болды.

Парламентаризм Институты Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті тапсырмасын орындау мақсатында құрылды.

Құрылымның қызметі заңнаманың тиімділігін талдауды қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасында парламентаризмді дамытуға және оның тиімділігін арттыруға бағытталған.

 

(Сенаттың және Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суретті түсірген Ж.Құспанов).


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.