Әбенов
Мұрат
Абдуламитұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Жастарға артар сеніміміз мол
Заң газеті

Заң газеті

№93, 2009 жылғы 23 маусым

 

Жастарға артар сеніміміз мол

 

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов палатының Жалпы отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке үстіміздегі жылдың 1 сәуірінде енгізілген мемлекеттік қызметтегі бос орындарға орналасу бойынша жариялаған мораторийді алып тастауды ұсынды.

Дағдарыс жағдайында жастар тұрғындардың әлсіз топтарының бірі ретінде қабылдануда.  Қазіргі кезде әлемдегі жұмыссыздар санының 50 пайызын осы жастар құрап отыр. Ал, қысқартудың алғашқылары болып жас мамандардың ілігу тенденциясының орын алғандығы кімді де болса бей-жай қалдыра қоймас. Халықаралық сарапшылардың бағалауынша жақын арада жұмыссыздық та жасара түсетін сыңайлы.

Елбасы Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде жастардың тәжірибе алуын ұйымдастыру бойынша бағдарлама орындалып, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан, медициналық, техникалық мамандықтар бойынша оқытылатын жетім студенттерге, сондай-ақ оқу үздіктері үшін қосымша мемлекеттік гранттар бөлінуде. Десе де, біздің елімізде де жастар жұмыссыздығы келелі мәселеге айналған. Мысалы, 2008 жылы Қазақстандағы 15-тен 24 жасқа дейінгі азаматтар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 7,4% пайызды құрады, ал ол жалпы жұмыссыздық деңгейінен 2,4% пайызға жоғары. Сонымен қатар, өндірістің тарылуы мен жұмыс орындарының қысқаруы есебінен бұл тенденция ұлғаюы әбден мүмкін. Оған қоса, биылдың өзінде мемлекетіміздегі жоғарғы оқу орындары мен колледждерді 323 мыңнан аса, оның ішінде 46,5 мыңы грантпен оқытылған мамандар бітіреді екен. Ал, осы жазда «Болашақ» стипендиясының тарихында алғаш рет әлемнің ең беделді жоғарғы оқу орындарында білім алған 800-ден астам студент оралмақшы. Олардың басым бөлігі техникалық немесе мемлекеттік басқаруды игерген мамандар. Бұдан да қиын жағдайға несие арқылы оқытылған жастар тап болады. Әлбетте, жарияланған мораторий жас мамандарды жұмыспен қамтуда аса ауыр жағдайға соқтырары сөзсіз. Өйткені, жұмыс тәжірибесі жоқ жоғарғы оқу орнының студентіне онсыз да жұмысқа орналасу оңайға соқпасы анық. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жас жұмыссыздардың басым көпшілігі дәл осы алғаш рет жұмыс іздеп жүргендер.

Біздің жаңа жұмыс орындарын ашуға қыруар қаржы жұмсап, әкімдерден әрбір енгізілген бірлікті әділ түрде сұрап жүргенімізде бюджеттен қаржы бөлінген бос орындардың бос тұруы қаншалықты қисынға келеді. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметте 10 пайыз немесе 8 мыңнан астам бос орындар бар. Оның тек 790-ны орталық орындардағы лауазымдар да, 7 мыңнан астамы аймақтарда, яғни облыс аудандары мен ауылдық мекемелер. Сонымен қатар, дағдарысқа қарсы іс-шараларды дәл осы аймақтық деңгейде орындау жоспарланған. ҚР Президенті және де биыл алғаш рет енгізілген жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне де орасан зор мақсаттар қойылуда. Ал, оны сапалы орындау үшін тиісінше мықты мамандар қажет. Десе де, мемлекеттік органдар бос орындарды толтырып қана емес, сәйкесінше заңды ауыстыруды да жүзеге асыра алмайды. Себебі, жаңа қойылған міндеттер орындай алмай, тек оларды ауыстыру мүмкіндігі болмағандықтан ғана сол лауазымда отырған қызметкерлердің бар екендігі жасырын емес. Егер шығындарды қысқарту қажет болса, бірінші кезекте оның экономикалық пайдалы әрі әкімшілік басқару жағынан  тиімді болуына назар аудару қажет. Бізге расында да қажет емес лауазымдарды дәлдеп қысқарту тиімдірек болар еді. Бұл жағдайда бюджеттік қаржыны үнемдеуге ғана емес, қалған қызметкерлерді ынталандыруды көздейтіндей етіп, қысқартуды шынайы жүргізу керек сияқты.

Өзіңізге белгілі, республика тұрғындарының жалпы санының 30 пайызын құрайтын жас толқынның көңіл-күйіне мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік дамуы, оның қауіпсіздігі мен тұрақтылығы тікелей байланысты. Атап өту керек, қазақстандық жастар арасында дағдарыс жағдайында кепілді жұмыс, жоғары бомаса да өсу тенденциясы бар мемлекеттік қызметтің мәртебесі өсуде. Бір жағынан Қазақстан жастар мейлінше шамшыл. Көпшілігіне жалақы деңгейінен гөрі мансаптық мәртебе маңыздырақ. Мысалы, «Жас Отан» жастар қанатының «Жастар кадрлық резерві» ашық байқауына жарияланған 30 орынға 800 тіркелген екен.

Жұмыспен қамти алмайтындар үшін оқу орындарында қалдыру мүмкіншілігін қарастыруға болады. Оның ішінде мемлекеттік қаржыны ұлғайту арқылы бакалаврмен оқитындарға магистратураға, ал магистранттарға аспирантураға түсу мүмкіндігін қарастыру қажет. Сол арқылы тек жастар арасындағы жұмыссыздығын азайтып қана емес, мемлекеттің индустриялық дамуы үшін мықты кадрлық резерв жасалады. Өйткені, жас азаматтар қоғам дамуының негізгі әлеуеті.

 

Сәуле ДОСЖАНОВА, Астана