Түсіпжанов Қонысбай Батырбекұлы
Әкімшілік-кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі
1979 жылы 22 мамырда туған.
Білімі жоғары.
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын және Шеффилд университетін (Ұлыбритания, «Болашақ» бағдарламасы бойынша) бітірген.
Қаржы экономисті, заң бакалавры, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі және мемлекеттік саясат магистрі.
Еңбек жолын 2000 жылы Семей қаласы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы болып бастады.
2006-2008 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауылдық округінің әкімі.
2008-2010 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары.
2010-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас консультанты.
2015-2022 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымын атқарды.
2022 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Әкімшілік-кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен және бірқатар мерекелік медальдармен марапатталған.