Қасымов
Ғани
Есенгелдіұлы

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өмірбаяны

КАСЫМОВ Гани Есенкельдыулы

1950 жылғы 3 мамырда Гурьев қаласында дүниеге келді. Ұлты қазақ

Әкесі – Қасымов Есенкелді Қасымұлы (1913 – 1992 ж.) халыққа білім беру қызметкері, ұстаз.

Анасы – Қасымова Манара Ахметқызы, мұғалім.

1974 жылы КСРО СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, 1986 ж. КСРО СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген, халықаралық қатынастар маманы.

Француз және араб тілдерін меңгерген.

1974 жылдан – консулдық және протокол бөлімдерінің бірінші хатшысы.

1975 жылдан – баспа және ақпарат бөлімінің меңгерушісі.

1978 жылдан – протокол бөлімінің меңгерушісі.

1980 жылдан – Қазақ ССР СІМ бас хатшысы.

1990 жылдан – Қазақ ССР Президентінің кеңесшісі.

1992 жылдан – ҚР Президентінің кеңесшісі, ҚР Президенті Аппаратының және Министрліктер Кабинетінің халықаралық бөлімінің меңгерушісі.

1994 жылдан – Француз Республикасындағы Қазақстан Республикасының Сауда – экономикалық өкілі.

1996 – 1999 жылдары - ҚР Мемлекеттік Кеден комитетінің төрағасы.

1999 – 2004 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2007 жылдан қазіргі таңға дейін ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

2002 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Қазақстан Патриоттар партиясының төрағасы.

2002 жылдан - Қазақстан Республикасы Ерікті өрт қоғамдастығының төрағасы.

2003 жылдан ҚР Ұлттық Кеңесінің мүшесі.

1994 жылы – 1-сыныптағы Төтенше және өкілетті елшісі.

2004 жылы - ҚР Дипломатиялық қызметінің еңбегі сіңген қайраткері.

Кеден қызметінің генерал-майоры – атағының иегері (1997 ж.).

I,II дәреже «Достық» орденімен және ҚР медальдарымен марапатталған. «Парламентарий года» номинациясында «Жыл адамы», «Ең демократияшыл саясаткер» (2002 г.), «Жыл депутаты» - (2003, 2007, 2008 г.) атағына ие.

Әуестік – жүйесіз кітап оқу және спорт.

Үйленген. Жұбайы – Райхан, қыздары – Айнұр мен Джулия. Немерелері - Далида мен Тенгри.