Такиев
Мәди
Төкешұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы

Депутатқа хат
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы.

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді.

Заң жобасының негізгі мақсаттары мен міндеттері:

– қаржы нарығында қызметін жүзеге асыратын субъектілер үшін әкімшілік кедергілерді азайту;

– қаржы секторын басқаруға білікті және кәсіби кадр резервін тарту үшін жағдайлар жасау;

– талаптарды орын алған заңнамалық өзгерістермен үйлестіру, сондай-ақ цифрландыруды дамытуды ескере отырып, оларды жаңарту арқылы қаржы секторын дамыту болып табылады.