Заитов
Ринат
Рифхатұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өмірбаяны

Жалпы ақпарат, білім

Заитов Ринат Рифхатұлы, 14 қараша 1983 жылы Абай облысы, Аягөз ауданы, Өркен ауылында туған.

Білімі: Семей қаласының М. Төлебаев атындағы колледжі, мамандығы: драма актері; Семей педагогикалық институты, мамандығы: қазақ тілі және қазақ әдебиеті мұғалімі; Қазақ қатынас жолдары университеті, мамандығы: Бизнес және басқару магистрі.

Мансап

2001-2003 жылдары Дариға-ай Жастар театрының актеры.

2005-2008 жылдары Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлімінің маманы.

2008-2010 жылдары Дариға-ай Жастар театрының көркемдік жетекшісі.

2017-2018 жылдары Алатау дәстүрлі өнер театрының артист-айтыскері.

2021-2023 жылдары Алатау дәстүрлі өнер театрының директоры.

«10 жыл Астана» медалімен марапатталған;

«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған;

«Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталған;

«Құрмет» орденімен марапатталған.