Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
29.01.2021

Н.Нығматулин: Мәжіліс жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасын қарайды


Нұр-Сұлтан, 29 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Бюро отырысында депутаттар қарауына аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері туралы заң жобасы бірінші оқылымда ұсынылды.

Құжат жергілікті мемлекеттік пен өзін-өзі басқаруды дамытуға, оның ішінде жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешу жеделдігін арттыру үшін жергілікті билік органдарына қосымша функциялар мен кіріс өкілеттіліктерін беруге бағытталған.

Сонымен қатар, депутаттарға ұсынылған күн тәртібінің жобасында бірқатар ратификациялық заң жобалары бар. Олар: суға батып кеткен кемелерді жою туралы 2007 жылғы Найроби халықаралық конвенциясын ратификациялау туралы және Қазақстан мен Болгария арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Құспанов).Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі