Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
02.10.2015

МӘЖІЛІС БЮРОСЫ: ПАЛАТАНЫҢ КҮН ТӘРТІБІ


МӘЖІЛІС БЮРОСЫ: ПАЛАТАНЫҢ КҮН ТӘРТІБІ

 

Астана, 2 қазан. Мәжіліс Үйі.

Бүгін Қабиболла Жақыповтың төрағалығында өткен Мәжіліс Бюросында Палатаның алдағы өтетін жалпы отырысына салалық комитеттердің ұсынысымен қалыптастырылған мәселелердің жобасы қаралды.

Депутаттардың талқылауына органикалық өнім өндіру туралы және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобалары екінші оқылымға шығарылмақшы.

Палата отырысына жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша заң жобасына Сенат енгізген толықтыруды қарау ұсынылады.

Жалпы отырыстың күн тәртібінде Қазақстан - Сербия үкіметтері арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы Келісімді ратификациялау туралы заң жобасы да бар.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01.

Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі