Шапак
Унзила

Член Комитета по законодательству и судебно-правовой реформе Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Встреча с ветеранами-горняками и металлургами в Темиртау

Қайырлы кеш! Құрметті, менің сәулелі оқырмандарым!

Теміртау қаласында ардагер шахтерлар мен металлургтармен кездесу өткіздік.

Ақсақалдардың ұлағатты ойларын тыңдап, комбинатқа қатысты, Теміртау тұрғындарының тірлік, тіршілігіне қатысты мәселелерді талқыладық.

✅ Теміртау ҚАРМЕТ-тің қаңғырап тұрған ескі ғимаратын музейге айналдыру туралы пікірлерін ортаға салды.

✅ Теміртау тұрғындарының саны 170 мыңнан астам. Қалада нан заводы жоқ. Нанды Қарағандыдан тасымалдап әкеледі. Кей кездері нан жетіспейді. Инвестор тартып, Нан комбинатын салу керек, екенін айтты. 2024 жылдың басында 2 күн нан болмай қалыпты. Ауа рай себепші, жол жабық болғандықтан…

✅ Қаланың кейбір ауданында жылу проблемасы әлі де бар екен. AMANAT партиясының бақылауна қойдық.

✅ Қала тұрғындарын тасымалдайтын қоғамдық көлік Автобус паркіне қатысты претензиялар өте мөте көп. Халықтың көңілінен шықпаған, тендерді жыл сайын ұтып алатын, монополияға ие болған компания туралы кері ойларын жеткізді…

✅ Қала тұрғындары трамбай туралы мәселені көтерді. #AMANAT# Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі