Шапак
Унзила

Член Комитета по законодательству и судебно-правовой реформе Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Об участии главы государства в форуме президентского молодежного кадрового резерва

Қайырлы кеш! Құрметті, менің сәулелі оқырмандарым!

Бүгінгі күннің көңілден шыққан жаңалықтарының бірі - еліміздегі жастарға деген сенімнің арта түсуі.

Мемлекет басшысының Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысуы.

Қазақстан жастарының интеллектуальдық, біліктілік әлеуеті өте зор.

Мемлекет тарапынан мемлекеттік қызметшілерге тән тәртіптік мәдениет қалыптастыру, осы саладағы қызметкерлердің ұстану құндылықтарын айқындау мәселесі күн тәртібінде тұр.

Осыған орай Президент:

Барлық салада, әсіресе мемлекеттік органдарда заң мен тәртіп үстемдігі болуға тиіс.

Заң мен тәртіп орнамаса, қазіргідей күрделі геосаяси жағдайда елімізді сақтап қалу қиын болады.

Тек мемлекеттік қызметшілер ғана емес, жалпы қоғам заңға бағынуға тиіс.

Билік өкілдері әрдайым халықпен бірге, яғни азаматтармен тығыз байланыста жұмыс істеуі қажет, деді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы төмендегідей талаптарды қойды:

Мемлекет басшысы ғалымдарды, сарапшылар мен белсенді азаматтарды, әсіресе, еріктілерді қызметке тарту;

Еліміздің әділетті мемлекет әрі инклюзивті қоғам құрып жатқанына, гендерлік теңдікті сақтау;

Мемлекеттік аппараттағы әйелдердің үлесі 55 пайызға жуықтағанына қарамастан, басшылық құрамда бұл көрсеткіш 39 пайыздан аспайды. Әйелдерді басшылық қызметке тарту;

Саяси қызметкерлер арасында да әйелдердің саны 10 пайызға жетпейді. Мемлекеттік қызметтегі жастардың үлесіне қатысты да диспропорция бар. Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің, жастардың және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың санын көбейту керек;

Олардың, әсіресе, басшылық құрамда қызмет етуіне барынша мүмкіндік беру;

Жас мамандарды мемлекеттік қызметке бейімдеу үшін Тәлімгерлік институтын жандандыру. #AMANAT#МӘЖІЛІС