Шапак
Унзила

Член Комитета по законодательству и судебно-правовой реформе Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Сегодня была на заседании 4 рабочей группы. Участвовала в одном организационном собрании.

Қайырлы кеш! Құрметті, менің сәулелі оқырмандарым!

Жұмыс аптасы басталды. Бүгін 4 жұмыс тобының отырысында болдым. Бір ұйымдастырулық жиналысқа қатыстым.

Ғылым бойынша талқыланып жатқан заң жобасы 1 оқылымға дайын болды. Жетекші депутат А. Аймағамбетов.

Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Заң жобасы жұмыс тобының отырысы өте тартысты өтуде. Жетекші депутат Ж. Сүлейменова.

Бала тәрбиесі барысындағы ата-ана қарым қатынасын құқықтық кеңістікте түзу мәселесі депутаттар арасында бірізді пікірге тоғыспай жатыр. Балаға қол көтеру тәрбиенің дұрыс емес құралы екенін барлығымыз мойындаймыз. Соның ішінде, баланы ұрып соғу, денесіне жеңіл жарақат салу қылмыстық теріс қылық. Ол үшін жаза қарастырылған. Осы тұста сұрақтар көп. Бір реттік кешірімнің болуы болмауы да күмәнді сұрақтардың бірі...

Кредитті минимизациялау бойынша жұмыс тобында депутаттар тарапынан сұрақтар көп. Құзыретті органдар өзара келіспей қалатын тұстары да бар. Шағын кредит беретін мекемелердің шартына, жеке тұлғаның банкроттына қатысты механизм жетілдіріліп жатыр. Жетекші депутат Б. Бейсенгалиев.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне өзгерістер енгізу бойынша жұмыс тобы жұмысын бастады. Жетекші депутат А.Сарым.