Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
29.10.2014

Депутаттар Сандықтау ауданында болды


Депутаттар Сандықтау ауданында болды

 

Астана, 29 қазан.Мәжіліс Үйі.

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Халық коммунистері» фракциясы Ақмола облысының Сандықтау ауданында «Кооперация – мал шаруашылығын дамытатын жол» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

 

Шараға Евразия интеграцялық институтының директоры Ж.Құсманғалиева, Ауылшаруашылық министрлігінің қызметкерлері Е.Әбуов, Д. Габдулина, ҚХКП ОК бөлім басшысы А.Мухамеди, т.б. қатысты.

 

Депутаттар шаруа қожалығының басшыларымен, СПК төрағаларымен жүздесіп, аула шаруашылығымен айналысатындарға да барды. Сандықтау ауданының басшысы Е.Сағдиев пен, аудан белсенділерімен, ауылдық әкімдермен, ауыл шаруашылығын қалыптастырушылардың жетекшілерімен, шаруа-фермер шаруашылықтарының басшыларымен, аудандық СПК қатысушыларымен кездесіп, пікір алмасты.

 

 

 

 

(Сәуле Досжанова, т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.