Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
29.08.2016

Н.Нығматулин «ядролық қарусыз әлем құру» Халықаралық конференциясы аясында кездесу өткізді


Н.Нығматулин «ядролық қарусыз әлем құру» Халықаралық конференциясы аясында кездесу өткізді 

 

Астана, 29 тамыз, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин Парламентаралық одақ төрағасы (ПАО) Сабер Чоудхуримен халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Мейман біздің елімізге алғаш рет «Ядролық қарусыз әлем құру» конференциясына қатысу үшін келді.

Н. Нығматулин атап өткендей, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қаруды таратпау саласындағы ауқымды бастамалары әлемдік тұрақтылықты, тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау жолындағы ерен еңбегі. Өз кезегінде Сабер Чоудхури де Қазақстан Президентінің  осы саладағы батыл қадамдары мен маңызды бастамаларына тәнті екенін білдірді.

Мәжіліс Спикері ғаламдық өзекті мәселелерді шешу үшін бүкіл әлем парламенттерінің күшін біріктіруде ПАО рөлінің маңыздылығына тоқталды.

                Мәжіліс Төрағасының пікірінше, қазақстандық Парламент өкілдері Парламентаралық одақтың ықпалын одан әрі нығайтуға, сондай-ақ, өзара іс-қимылды жан-жақты күшейтуге мүдделі.     

                ПАО төрағасы өз кезегінде Еуразия, Орталық Азия елдері ұйымның маңызды әріптестері екенін атап өтті.

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.