Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
14.09.2016

Мәжіліс еліміздің негізгі қаржылық құжаттарын жұмысқа қабылдады


Астана. 14-қыркүйек, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті.

Халық қалаулылары ел экономикасы дамуына қатысты бірқатар маңызды заң жобаларын жұмысқа қабылдады.  Еліміздің негізгі қаржылық құжаттары бойынша баяндама жасаған Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова Ұлттық қордан 2016 – 2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы және 2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Заңдарға өзгерістер енгізуге қатысты заң жобалары бойынша бейінді комитеттің 2016 жылдың 18 қазанына дейін қорытынды әзірлеуге дайын екендігін жеткізді.

Ал, Ұлттық қордан 2017 – 2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы, сондай-ақ, Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы  2017 – 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы, сонымен бірге, 2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мерзімі 2016 жылдың 16 қарашасына дейін жоспарланып отыр.

Осы күні Мәжіліс «Коллекторлық қызмет туралы» және оған ілеспе заң жобалары бойынша жұмысты одан әрі жалғастыру жөнінде Қаулы қабылдады. Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, бұл қоғамдық пікірді есепке ала отырып, жан-жақты талқыланатын маңызды сұрақ.

Жалпы отырыста Палата Қазақстан мен Сербия арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы үкіметаралық конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады.

Қазақстан мен Сербия арасындағы қазіргі салықтар, негізінен  корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы, заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық.

                Конвенцияда дивиденттерге, пайыздар мен роялтиге төмендетілген мөлшерлемелер бойынша табыс көзі пайда болатын мемлекетте салық салынуына негіз болатын ережелер көзделіп, сондай-ақ өзара келісу рәсімі, ақпарат алмасу тетіктері және Конвенцияның күшіне ену мәселелері айқындалған. 

 

(Зәмеш Кеңесқызы – 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.