Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
10.03.2017

Мәжілісте жарнама мәселелері талқыланды


Астана, 10 наурыз, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжілісте жарнама мәселелері бойынша түзетулерге қатысты заң жобасының қаралу барысына арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.

Отырысты Палатаның Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрайымы Гүлнар Иксанова жүргізді.

Депутаттық корпус «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен жұмысты өткен жылдың қараша айында бастаған болатын.

Бүгінге дейін жұмыс тобының 7 отырысы ұйымдастырылып, 150-ден астам ұсыныстар түсті.

Заң жобасын талқылау барысында әсіресе, жарнаманы орналастырудың үлгі ережелеріне, жарнама қызметін реттейтін құжат түрлеріне, сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төленетін салықтық төлемдерді қайта қарауға, теле-радио арналардағы әлеуметтік жарнаманы орналастыруды регламенттеу мәселелеріне айрықша назар аударылды.

Дөңгелек үстел отырысына Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин,сондай-ақ, мүдделі мемлекеттік органдардың, Парламентке өтпей қалған саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірге сарапшылар да қатысты.

 

                (Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты).

 


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.