Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
16.03.2017

Мәжіліс Төрағасы Н. Нығматулиннің Беларусь Республикасына екі күндік сапары басталды


Астана, 16 наурыз, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Беларусь Республикасына екі күндік жұмыс сапары басталды. Межелі шаралар аясында Жеңіс монументі жанындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою жоспарланған. Сондай-ақ, Беларусь Ұлттық Жиналысы Өкілдер Палатасы басшысымен кездесу белгіленген.   

Сапар барысында Мәжіліс Спикері Беларусь мемлекеттік университеті ұжымымен және студенттерімен кездеседі деп күтілуде. Сонымен бірге, Минск көлік зауытына баруы жоспарланған.  

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)  

 


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.