Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
21.04.2017

Мәжілістің көшпелі отырысы: ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін артыру үшін агробиотехнологияларды енгізу


Астана, 21 сәуір. Мәжіліс Үйі.

 

Дүйсенбі, 24 сәуір күні Мәжілістің вице-спикері В.Божконың қатысуымен  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында (Қорғалжын көшесі, 13/5, сағат 15-00-де)көшпелі отырыс болады.

Аграрлық мәселелер комитетінің ұйымдастыруымен өтетін шараның тақырыбы: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін артыру үшін агробиотехнологияларды  енгізу».  

«Ұлттық биотехнология орталығы» РМК Бас директоры Раманқұлов Ерлан, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлінің орынбасары  Төлеутай Рақымбеков баяндама жасайды.

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.