Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
22.05.2017

Алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды


Астана. Мәжіліс үйі. Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросының отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі белгіленді.

Сәрсенбі күні депутаттар Елбасының тапсырмасы бойынша Конститутциялық реформаға қатысты заң жобаларын талқыға салады.

Атап айтар болсақ, депутаттар назарына Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру,  мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу туралы заң жобалары бірінші оқылымда ұсынылмақ.

Сонымен бірге, осы күні кейбір конституциялық заңдарға түзетулерге арналған Конституциялық заң жобасы қаралады.

Сондай-ақ, дипломатиялық қызметке қатысты заң жобасы да депутаттар талқысына ұсынылады.  

Жалпы отырыста Палата электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістерге байланысты заң жобасын екінші оқылымда қарайды деп күтілуде.

 

 

 (ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.