Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
02.06.2017

Мәжіліс Бюросы: жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды


Астана, 2 маусым.  Мәжіліс Үйі.

 

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палатаның Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Депутаттар осы күні «Қазақстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге 2006 жылғы 4 қыркүйектегі Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»  заң жобасы қарастыруға ұсынылды.

 

Сонымен бірге депутаттарға «Қазақстан Республикасының Үкіметі  мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасына қорытынды әзірлеу  мерзімін белгілеу туралы мәселе қаралды.

 

 (ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.