Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
14.06.2017

Қазақстан – ЕО: ыңтымақтастықты одан әрі дамыту


                Астана, 14 маусым, Мәжіліс үйі. Бүгін Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы уәкілі Петер Буриан мырзамен кездесті.   

                Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы байланыстарды одан әрі дамыту және нығайту мәселелері әңгіменің басты тақырыбына айналды.

                Еуропалық Одақ Қазақстанның маңызды серіктесі екендігін атап өткен Мәулен Әшімбаев, алдағы ынтымақтастық байланыстардың өркендей түсу мүмкіндіктерінің жоғарылығына тоқталды.

                Өз кезегінде мейман Еуроодақ Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы көптеген позициялар бойынша жетекші әріптесі ретінде қарастыратыны жайлы мәлімдеді. Бұған дәлел - Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылуы.

                Кездесуде сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларындағы өзара екіжақты байланысты ұлғайту басты бағыттар қатарында аталды.

                Оларды жүзеге асыру барысында тараптар парламентаралық ыңтымақтастықтың маңызды рөлін атап өтті.

 

                (Мөлдір Мұса, 74-63-04. Сурет – Жаслан Құспанов. Ақпаратты Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.