Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
20.06.2017

Мәжіліс «Парламент сөзі» арнайы сыйлығымен журналистерді марапаттайды


Астана, 20 маусым.Мәжіліс Үйі.

2017 жылғы 22 маусым күні Мәжіліс Бұқаралық Ақпарат құралдары өкілдерін «Парламент сөзі» сыйлығымен марапаттайды.

 

Парламенттік сыйлықпен  Палата депутаттарының заң шығару қызметін теледидар, мерзімдік баспасөз беттерінде және ақпараттық агенттіктер мен радиода үздік жазып, көрсеткендер марапатталады.

Сонымен қатар, Қазақстан парламенттік журналистикасының дамуы мен өркендеуіне үлес қосқандар да ескерілетін болады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин өткен сессияның аяғында журналистерге арналған сыйлық белгілеу бойынша Мәжіліс Бюросының шешімін жариялаған болатын.

Биылғы жылы «Парламент сөзі» сыйлығы алғаш рет тапсырылғалы отыр.

 

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі)

 


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.