Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
23.10.2017

Н.Нығматулин Атыраудағы «Нұр Отан» партиясының филиалында азаматтарды қабылдау өткізді


Н.Нығматулин Атыраудағы «Нұр Отан» партиясының филиалында азаматтарды қабылдау өткізді

 

Астана, 23 қазан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Төрағасы, «Нұр Отан» партиясы Саясикеңес Бюросының мүшесі Н. Нығматулин партияның Атырау облыстық филиалында азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдады.

Спикердің қабылдауына келгендер «Атырау - Астрахан» жолының жөнделуі, жаңа мектеп салу, тұрғын үйлердің газбен қамтамасыз етілуі басқа да әлеуметтік мәселелерді алға тартты.  

Нұрлан Нығматулин айтылған жайларды заңнамалық тұрғыдан шешу мүмкіндіктерін қарастырып, жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен арада болған келісімдердің орындалуын бақылауға алмақ. 

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.