Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
10.11.2017

Мәжілісте сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелеріне қатысты түзетулер талқыланады


Астана, 10 қараша, Мәжіліс үйі. Алдағы дүйсенбі күні, яғни қараша айының 13-де Мәжілісте  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді.

Заң жобасы халық пен бизнес үшін сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігін, сапасын арттыруға және құнын төмендетуге, сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Оған енгізілетін жаңашылдықтар туралы ҚР Ұлттық Банкінің төрағасының орынбасары Жанат Құрманов баяндайды.

Отырыс сағат 11:00-де, Мәжілістің конференц залында басталады.

 

(З. Кеңесқызы-74-63-02,  ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі )

 

 


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.