Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
15.01.2018

Мәжілісте кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру бойынша заңнамалық түзетулер таныстырылады


                Астана, 15 қаңтар, Мәжіліс Үйі. Сейсенбі, 16 қаңтарда Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заң жобасының таныстырылымы өткізіледі.

                Баяндамашы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин.

                Іс-шара Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің шеңберінде өтеді.

                Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі - депутат Сәкен Өтебаев.

                Таныстырылым Мәжілісте 16 қаңтарда, сағат 15-00-де, №А-235 каб. (конференц-зал) болады.

 

                (Мөлдір Мұса - 746304. Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі.) 

 

 

 

 

 

 


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.