Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
18.10.2018

Мәжіліс депутаттарының аймақтарға сапары басталды


Астана, 18 қазан, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжіліс депутаттары сайлаушылармен кездесу үшін аймақтарға барды.

Кездесудің негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына жолдауының жүзеге асыру тетіктерін, бірінші кезекте заңнамалық қолдау көрсету тұрғысынан түсіндіру.  

Сапар барысында халық қалаулылары өндірістік және әлеуметтік нысандар мен ауыл шаруашылығының еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізеді. Сондай-ақ, ұлттық мәдени орталықтардың өкілдерімен, жастармен, облыс орталықтарының, қалалардың, сонымен қатар шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесулері жоспарланған.

Мәжіліс депутаттарының аймақтарға сапары  18-26 қазан аралығында өтеді.

 

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі)


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.