Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
25.06.2019

Мәжіліс депутаттары Арыс тұрғындарына көмектесу үшін бір күндік жалақыларын аударады


Нұр-Сұлтан, 25 маусым, Мәжіліс Үйі. Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалық етуімен өткен Парламент Мәжілісінің Бюро отырысында «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына бір күндік жалақыны аудару туралы қаулы қабылданды.

Қаражат Түркістан облысының Арыс қаласында орын алған төтенше оқиғаларға байланысты тұрғындарға көмек көрсетуге арналады.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі – 74-63-01).

 

 


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.