Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
03.09.2019

Мәжіліске Жапония Парламентінің өкілдері келді


 

 

 

Нұр-Сұлтан, 3 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Бүгін  Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Ерман Жапония Өкілдер Палатасының депутаттарымен кездесті.

Тараптардың айтуынша, бүгінде екі ел арасында сенімді саяси диалог, терең экономикалық байланыс орнап, өзара іс-қимыл жан-жақты дамып келеді.

Оған М. Ерманның айтуынша, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың ағымдағы жылы қазан айында Жапонияға сапарлау жоспары дәлел бола алады.  Соңғы уақытта екі ел парламенттері арасындағы байланыс та жоғары деңгейде дамып келеді. Алдағы уақытта басым бағыттардың бірі ретінде цифрландыру, киберқауіпсіздік бағыттары аталды. Ядролық қаруды таратпау мәселесі де назардан тыс қалмады.  Кездесуге Жапонияның қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Касаи Тацухико, екі ел парламенттерінің депутаттары қатысты.  

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.