Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
24.04.2020

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады


 

 

 

 

Нұр-Сұлтан. 24-сәуір. Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин барша қауымды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Өз құттықтауында:

«Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мұсылман қауымы үшін рухани тазарып, береке мен бірлік, мейірім мен ізгілік, қанағат пен сабыр  салтанат құратын қасиетті уақыт. Осы уақытта жасаған қайырым, дұға-тілектер қабыл болып, қасиетті ай - әрбір азаматқа, әрбір отбасына амандық, бақыт, ырыс-құт әкелсін! Халқымыз қазіргі уақытша қиындықтан аман өтіп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!»,-деді, Нұрлан Нығматулин.

(Мәжілістің Баспасөз қызметі – 74-63-02)


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.