Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
04.10.2020

Нұрлан Нығматулин ұстаздарды мерекесімен құттықтады


Нұр-Сұлтан, 4 қазан, Мәжіліс Үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады.

Нұрлан Нығматулин өзінің Twitter-дегі жеке парақшасында жариялаған құттықтауында:

«Ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтаймын! Осындай қиын кезеңде де сіздер ұрпаққа білім беріп, ел болашағы үшін аянбай еңбек етіп келесіздер. Сіздерге алғысымыз шексіз. Баршаңызға зор денсаулық, ырыс-құт, береке тілеймін!» - деді. (https://twitter.com/NigmatulinKZ/).

Сонымен қатар, Палата Спикері Парламентте «Педагог мәртебесі туралы» арнайы заңның қабылданғанын, ол заң мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, әлеуметтік жағдайын арттыруға ықпал еткенін атап өтті.  

 

 

 (Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суретті түсірген Ж.Құспанов)


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.