Нұр-Сұлтан, 11 қаңтар, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын Мәжіліс депутаттарының сайлауында дауыс берді.
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясы өтуде.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі Парламент Мәжілісінің депутаттығына тоғыз кандидат ұсынды. Олар: Сауытбек Әбдірахманов, Аветик Амирханян, Ілияс Буларов, Наталья Дементьева, Юрий Ли, Вакиль Набиев, Шамиль Осин, Владимир Тохтасунов, Абилфас Хамедов.
(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Құспанов).
Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.